На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Сайт города Актау

103 подписчика

Свежие комментарии

  • Sergey Ivanov
    Ее видели Великие Укры. Об этом событии сохранились записи в древних летописях. При желании, украинские специалисты м...К Земле приближае...
  • Алекс Сэм
    А кто её мог видеть 80.000 лет назад?К Земле приближае...
  • АЛЕКСАНДР Крымский
    А в Сракаиау что?В Актау в ходе пр...

Ақтауда жылу беру кесте бойынша жүргізіледі

Бұл туралы Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Жақыпов мәлімдеді. Ол жылу мәселесі бойынша жасалып жатқан жұмыстардың барысын түсіндірді. Оның айтуынша, әрбір пәтерге жылуды жеткізу үшін мамандар тиісті реттеу жұмыстарын жүргізетін болады.

«Бұл жұмыстар белгілі бір уақытты қажет етеді.

Сонымен қатар, «Каспий жылу,су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны орталық жылу құбырларында болуы мүмкін апаттардың  алдын алу мақсатында шағын аудандарға берілетін жылуды гидравликалық есепке  сәйкес кезең-кезеңімен іске қосатын болады. Яғни,  15 қазан күні қаланың төменгі шағынаудандарына жылу берілсе, 16 қазан күні қаланың жоғарғы шағынаударына жылу қосылуы іске асырылады.  Осыған орай қала тұрғындарынан атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз»,- дейді Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Ж. Жақыпов.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх