На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Сайт города Актау

103 подписчика

Свежие комментарии

Маңғыстау облыстық ауруханасы жоғары санатқа ие болды

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жоғары санатқа ие болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 20-22 қараша күндері облыстық ауруханаға «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының» өкілдері келген болатын. Комиссия үш күн аурухананың жұмыс барысымен танысып, бөлімшелерді аралап, құжаттарын түгендеп  шықты.

Аккредитация стандарттарына сәйкес стратегиялық жоспарлау, емдеу және науқастардың қауіпсіздігі, инфекциялық бақылау, сапаны, тәуекелдер мен ресурстарды басқару, пациенттердің құқығын сақтау, халықпен жұмыс, кадр саясаты, ғимараттың қауіпсіздігі және т.б бойынша бақылау жасады. Комиссия мүшелерінің мәлімдеуінше, көпбейінді аурухананың жұмысы жүйелі жолға қойылған. Халыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсету үшін заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, білікті дәрігерлермен толыққан. Десе де әрі қарай жұмысты жалғастыру үшін жан-жақты даму, дәрігерлер мен медбикелерді үздіксіз оқыту маңызды. Сондай-ақ өзге аймақ мамандарымен тәжірибе алмасуды тоқтатпауды ұсынып, облыстық аурухананы жеке бренд ретінде қалыптастыру жолында сәттілік тіледі.

«Әр үш жыл сайын медицина мекемелері аккредитациядан өтеді. 2021 жылы Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы І санатқа ие болған еді. Міне, үш жылдан соң жоғары санатқа көтеріліп, аккредиттеуден сәтті өттік. Бұл облыс тарихындағы алғашқы және жоғарғы көрсеткіш. Жоғары санатты алу оңай емес, аккредиттеу стандарттарына толық сәйкес болуы шарт, мұнан бөлек дәрігерлер мен медбикелердің білім деңгейі, кіші қызметкерлердің жауапкершілігі, жалпы науқастардың қауіпсіздігі мен тәуекелдерді ескеріп, жұмысты үйлестіре білуі өте маңызды. Сонымен қатар аурухананың жетістіктері де үлкен рөл ойнайды. Қазіргі таңда облыстық аурухана күрделі операцияларды жасап, өңір тұрғындарын өзге өңірге жібермей, аяққа тұрғызып жатыр», - деді облыстық аурухананың директоры Руслан Бекібаев.

Оның айтуынша, биыл 10 айда нейрохирургия, кардиология, қан тамырлары хирургиясы, кардиохирургия профильі бойынша 1 424 жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілді. Статистикалық мәліметтерді саралайтын болсақ, соңғы 3 жылда 45%-ға жақсы өсім бар. Бұл хирургиялық араласулар мен диагностикалық процедуралар облыстық көпбейінді ауруханасы мамандарының жоғары кәсіби деңгейін, заманауи технологиялармен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх