На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Сайт города Актау

104 подписчика

Свежие комментарии

  • Аркадий Шацкий
    Ценность флага не демонстрациями прокачивается((С песнями и флага...
  • Харченко Александр
    Зима пришла неожиданноАким Актау обрати...
  • Sergey Ivanov
    Ее видели Великие Укры. Об этом событии сохранились записи в древних летописях. При желании, украинские специалисты м...К Земле приближае...

Ақтауда оқушыларға арналған зияткерлік ойын өтті

Ақтауда  "Бағыттайық" жобасы аясында маңғыстаулық оқушылар арасында зияткерлік ойын өтті. Ойынға облыстағы 10 жалпы орта білім беру ұйымының 10 - 11-сынып оқушылары қатысты.

Тапқырлығы мен ой жүйріктігі сынға түскен білім сайысында  оқушылар әр салаға қатысты сан сауалдарға жауап берді. Балалар бір-бірінен оза шауып, мәреге бірінші болып жетуді мақсат етті.

Нәтижесінде 3-орынды Мұнайлы аудандық "Grant High School-lyceum" мектебінің жүйріктері иеленді. Жүлделі 2-орынға №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушыларынан құралған "Әуезов жұлдыздары" командасы жайғасты. Ал жеңіс тұғырына көтерілген Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназиясының «Бәйтерек» тобы 1-орынды еншілеп, жеңімпаз атанды.

Сайыс барысында “Каспий дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы директорының орынбасары Назира Телбаева қатысушыларды мараппаттап, білім бәйгесінде тартысты ойын көрсетіп, ерекше көзге түскен ойыншыларға алғыс айтты.

Аталмыш білім бәйгесін Маңғыстау облысы білім басқармасының тапсырысы аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен "Жеті жұрт" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх