Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау ауданының негізгі экономикалық саласы — ауыл шаруашылығы. Қазіргі таңда ауданда 578 шаруа қожалығы мен 531 мал шаруашылығы тіркелген.
Аудан облыс бойынша түйе басының 40%-ын қамтиды, бұл жылына шамамен 20 мың тонна түйе сүтін өндіруге мүмкіндік береді.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында түйе сүтін өндіруді ұлғайту мақсатында 10 жоба ұсынылған.Ауданда 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның бірі - «Карат» ЖШС-нің бастамасымен жүргізіліп жатқан ауыз су шығару цехының құрылысы. Жоба құны 864 млн. теңге. Цех құрылысы аяқталғаннан кейін 35 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады деп күтілуде.
Ал 2025 жылы «Caspiy Milk» ЖШС және «Mangystau Milk» ЖШС түйе сүтінен ұнтақталған сүт өнімін өндіру орындарын іске қосуды жоспарлап отыр.
Свежие комментарии