На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Сайт города Актау

104 подписчика

Свежие комментарии

  • Sergey Ivanov
    Ее видели Великие Укры. Об этом событии сохранились записи в древних летописях. При желании, украинские специалисты м...К Земле приближае...
  • Алекс Сэм
    А кто её мог видеть 80.000 лет назад?К Земле приближае...
  • АЛЕКСАНДР Крымский
    А в Сракаиау что?В Актау в ходе пр...

Ақтауда жылу 15 қазаннан бастап беріледі

Ақтауда 15 қазаннан бастап жылу беріледі. Бұл туралы бүгін Ақтау қалалық әкімдігінде өткен штаб отырысында айтылды. Қала әкімі Әбілқайыр Байпақов 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының басталуы туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Аталмыш жиынға «МАЭК» ЖШС, «Каспий жылу, су арнасы» МКК, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, «Алматыинжстрой» АҚ, тұрғын үйлерге қызмет көрсетуші мекеме өкілдері және қала әкімдігінің жауапты бөлімдері қатысты.

ШаҺар басшысы  жылу беруді әлеуметтік нысандарға, көппәтерлі тұрғын үйлерге және басқа да нысан түрлеріне 15 қазаннан бастауды тапсырды. Бұл туралы тапсырма «МАЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына берілді.   

"Қаладағы әлеуметтік нысандарға, көппәтерлі тұрғын үйлерге және басқа да нысан түрлеріне жылу 15 қазанда беріледі. Жылу берілгеннен кейін, жылуды әрбір пәтерге жеткізу үшін мамандар құбырларда реттеу жұмыстарын жүргізеді. Аталған жұмыстар белгілі уақытты қажет етеді. Яғни «Каспий жылу, су арнасы» МКК авариялық ақаулардың алдын алу мақсатында шағын аудандарға жылуды гидравликалық есепке сәйкес кезек-кезегімен қосады.Сондықтан «Каспий жылу, су арнасы» МКК авариялық бригадаларының жұмысын үйлестіру қажет. Қала тұрғындарына жылу берілуін қамтамасыз ету барлығымыздың жауапкершілігімізде екендігін есте сақтаңыздар. Оның ішінде жергілікті атқарушы орган да, коммуналдық кәсіпорындар да, тұрғын үйге қызмет көрсетуші мекемелер де бар, - деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.

Қазір «Каспий жылу, су арнасы» МКК гидравликалық сынақтар кезінде құбырларда анықталған ақауларда жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

"11-13 қазан аралығында жылу құбырларына гидравликалық сынақтар өткізілді. Гидравликалық сынақтар кезінде құбырларда анықталған ақауларды коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері жөндеп жатыр. Авариялық бригадалар мен техникалар дайын", - деді «Каспий жылу, су арнасы» МКК өкілі.

Жиын барысында белгілі болғандай, кейбір тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындық актісінің паспорты мерзімінен кешіктірілгендігіне байланысты, қала әкімі қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі және қалалық тұрғын үй инспекциясының басшыларына қатаң сөгіс жариялады.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх