На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Сайт города Актау

104 подписчика

Свежие комментарии

  • Аркадий Шацкий
    Ценность флага не демонстрациями прокачивается((С песнями и флага...
  • Харченко Александр
    Зима пришла неожиданноАким Актау обрати...
  • Sergey Ivanov
    Ее видели Великие Укры. Об этом событии сохранились записи в древних летописях. При желании, украинские специалисты м...К Земле приближае...

Ақтауда ерлер арасында баскетболдан Қазақстан чемпионаты өтуде

Облыс орталығында «Халық Арена» спорт кешенінде баскетболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы ХХХІІІ Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

«Биылғы маусымда біздің командаға тәжірибелі үш ойыншы қосылды.Спортшылар қарсылас топпен сайыста жоғары деңгейлі ойын көрсетті, көрермендер де белсенді болды.

Ойын 2 күнге жалғасты, 2 команда ойнады және «Астана» командасы қонақта болды»,- деді баскетболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы ХХХІІІ Қазақстан чемпионатын ұйымдастырушы Қазыбек Айзаков.

Ойын барысында «Каспий» командасының ойыншысы Ғабиден Қорғанбаев былай деп өз әсерімен бөлісті:

«Мен 2022 жылдан бері «Каспий» командасында ойнаймын. Екінші жыл қатарынан команда құрамында ұлттық ойындарға қатысудамын, ал  бірінші жылы ұлттық лигада ойнадым.  Ойын менің көңілімнен шықты, алғашқы екі ойында қарсылас команда алда келе жатты, үшінші ойында күш алып ойнадық және жеңіске жеттік. Қарсылас команда да мықты, жас ойыншылардан тұрады. Ойын өте қызықты және тартысты өтті».

Айта кетейік, ел біріншілігі мамыр айына дейін жалғасады.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх