На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Сайт города Актау

104 подписчика

Свежие комментарии

  • Аркадий Шацкий
    Ценность флага не демонстрациями прокачивается((С песнями и флага...
  • Харченко Александр
    Зима пришла неожиданноАким Актау обрати...
  • Sergey Ivanov
    Ее видели Великие Укры. Об этом событии сохранились записи в древних летописях. При желании, украинские специалисты м...К Земле приближае...

Ақтау қаласының әкімі: «Жылумен қамтудың кешеуілдеуі жүйедегі ақауларға байланысты»

Бүгін,  21-қазанда Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов облыс орталығының неліктен әлі күнге дейін жылумен қамтылмауы себептеріне тоқталып, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берілді. Шаһар басшысының айтуынша, қазір қаладағы жылу жүйесінде пайда болған ақауларды жөндеуге байланысты тұрғын үйлерге жылу берілмей жатыр.

"Қазір жылу жүйесінде орын алған 33 ақауға байланысты, авариялық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар аяқталған соң шағынаудандардағы тұрғын үйлерге жылу беріле бастайды.Бір нәрсенің басын ашып алайық, бір ақауды жөндеп болған соң үйлерге жылу беріле бастаған кезде тағы бір жерден ақау анықталып, қайтадан су мен жылу тоқтатылып, кезекті жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан жылу жүйесіндегі ақаулар жөнделген соң ғана тұрғын үйлерге толыққанды жылу беру мүмкіндігі болады",- деді қала әкімі.

Қала тұрғындарының тарапынан айтылып жатқан сын пікірлер де өте орынды.

"Жаз мезігілінде ақаулар неге жөнделмеді деген сауалдарға жауап ретінде айтарым, өздеріңіз білетіндей жазда бізде орталық жылу жүйелерінде күрделі жөндеу жүргізілгендіктен ол кезде жүйеде су болмауына байланысты гидравликалық сынақтарды жүргізу мүмкін болмады. Жылу жүйесінің сынақтары  12-қазанда аяқталды, ал 15-қазанда жылыту маусымы басталды деп атап өтті қала басшысы Ә.Байпақов.

Орталық жылу тарату жүйесінде жылу бар, орын алған ақауларға байланысты тұрғындарға жылу жеткізілімей жатыр.

"Статистикалық мәліметке назар аударсақ,  орталық жылу жүйесі 47 шақырымды құрайды. Соның 23 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Қалған бөлігіне келер жылы жөндеу жүргізілетін болады. Оған қаражат бөлінген.Одан өзге «КЖСА» мекемесіне қарасты  470 шақырым тарату жүйесі бар. Осы жүйедегі құбырлардың  70 пайыздан астамы тозығы жеткен болып саналады", - деп мәлімдеді қала әкімі.

Ауыз судың сапасы туралы мәселеге тоқталған қала басшысы, құбырлардың гидравликалық сынақтан өтуіне байланысты судың сапасына қатысты мәселе бар.

"Жүйе толық қалпына келуі үшін белгілі бір уақыт керек, сондықтан судың сапасы тұрақталуы үшін шамамен екі аптадай уақыт керек ,- деді шаһар басшысы Әбілқайыр Байпақов.

Брифингке қатысқан Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев қала тұрғындарын орын алған жағдайға түсіністіктеп қарап, сабыр сақтауға шақырды.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх