Бұл туралы qazradio.fm сайты хабарлайды.
2025 жылдан бастап микронесие рәсімдеу үшін биометриялық тексерістен өту міндеттеледі. Яғни, бет-жүзін жеке куәліктегі бейнесімен сәйкестендіру қажет.
Сондай-ақ мобильді құралдың көмегімен цифрлық қолтаңбасы сұралады. Құпия сөзді енгізу жүйесі де біршама қиындайды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, алаяқтыққа жол бермейміз деп отыр.
Свежие комментарии