На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Сайт города Актау

101 подписчик

Свежие комментарии

  • Светлана Зуева
    Горе.....мои соболезнования родным.....Отец солдата, пог...
  • Mustafa Пахомов
    С Ильичём было приятнее!В Актау запустили...
  • N N
    А Казахстан России каким боком? Какое дело нам до степных братьев? У них своё государство!Кто из предприним...

«Мерейлі отбасы»: Астана қаласында маңғыстаулық отбасы марапатталды.

6 қыркүйек күні Астана қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев байқау жеңімпаздарына арнайы сәлемін жолдап, құттықтау хатын жіберді. Президенттің жылы лебізін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.

Мемлекет басшысы өзінің құттықтау хатында Әділетті Қазақстан қалыптастыру жолында отбасы институтын қолдау маңызды қадам екенін атап өткен.

Сондықтан елімізде бұл бағытқа баса мән беріліп, жүйелі шаралар қабылданып жатқаны да айтылды.

Марапатталғандардың арасында Жеңімпаз отбасылар қатарында Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Қызан ауылының Мұқырбаевтар әулеті бар. 

Мұқырбаевтар отбасы – жылқыны жан серігі етіп, ат жаратып, тұлпар баптап, осы киелі өнердің жарасымын тауып, мәртебесін молайтып жүрген,  сәйгүліктердің сырын танып, жүйрік пен жорғаны ұлы-жіңгір бәйгеге қосқан, додаларда ақ боз аты оза шапқызып ата дәстүрін аялап жеткізіп отырған үлгілі отбасы.

Жеңімпаз отбасылар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Шара соңы қазақ эстрада жұлдыздарының ән кешіне ұласты.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх