Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
«Үздік педагог-2024» республикалық байқауының қорытындысы бойынша мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйым педагогтері өз мамандығы бойынша үздік атанды.
Республика күні қарсаңында Астана қаласында “Үздік педагог” байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім қызметкерлерін марапаттап, оларға қызметтерінде сәттілік тіледі.
Байқауға Маңғыстау облысынан 10 мұғалім қатысып, олардың үшеуі жеңімпаз атанды. Олар, Ақтау қаласы, «Dostyq School Aktau» жекеменшік мектептің математика пәні мұғалімі Жаппар Қуаныш Жақсылықұлы, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Лукпанова Салтанат Аскатқызы және О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалдық техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Зүлфия Исағалиева
ҚР Оқу-ағарту министрлігі педагог мамандығының мәртебесін көтеру және шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында жыл сайын «Үздік педагог» республикалық байқауын 2012 жылдан бастап өткізіп келеді. Республика бойынша 64 мұғалім «Үздік педагог» атанды.
Жеңімпаз атанған ұстаздар «Үздік педагог» куәлігімен, «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1000 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақымен марапатталды.
Свежие комментарии